ОҚО-да бокстан облыс чемпионаты басталды

0
1 406

​«Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» кешенінде бокстан ересектер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО-да бокстан облыс чемпионаты басталды

«Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» кешенінде бокстан ересектер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарысқа облыстан бас-аяғы 67 спортшы келген. Шаршы алаңдағы жекпе – жекті 56 келі салмақтағы Айдар Байназаров пен Нұрбол Аманбай бастап берді.

Алғашқы раундта қос боксшы бір – бірінің күшін сынап көрді. Алайда, соңғы шешуші кезеңде қарсыласынан ширақ қимылдаған Айдар Байназаров төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз деп табылды. Осылайша, өткен жылы ересектердің арасына қсоылған Айдар алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. 56 келі салмақта Нариман Амантай, Еламан Рүстем және Ынтымақ Дәуіт жолдама алды. Ақтық сайыс 28 ақпан күні өтеді.

Оның қорытындысы бойынша бапкерлер Қазақстан чемпионатына қарымды спортшыларды іріктеп алуды жоспарлап отыр.