Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңімпаз атанды

0
803

Жарыс Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатыр.


Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында (Ухань) жеңімпаз атанды, деп жазады olympic.kz.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысында 14.19 метірге секіріп, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орынға 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро жайғасса, 13.54 метрге қарғыған Доминикан Республикасының өкілі Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.