Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионы атанды

0
1 076

Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.


Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz.

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты.

Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ, 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында.

Айта кетелік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азиядағы үздік үштікке енген болатын.