"Олимпиада ханшайымы" Ольга Рыпакова жапондықтардың ілтипатына жауап қатты

0
417

Қазақстан құрамасының туын көтеріп шыққан жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға жапониялық Twitter қолданушылары «Олимпиада ханшайымы» деген атақ берді.


ERNUR.KZ. Жерлесіміз жергілікті халықтың бұл ілтипатына қатысты пікір білдірді, деп жазады altaynews.kz.

"Негізі мен бұған аса мән беріп қарамадым. Біздің киім үлгілеріміз жапондық және қытайлық көрермендің қызығушылығын тудырған болуы керек. Сол себепті олар біздің киімдерімізді белсенді талқылап, компьютерлік ойындардың кейіпкерлерімен теңестірді. Шын мәнінде мен ондай ойындар туралы білмейді де екенмін. Сондықтан бұл мен үшін күтпеген жайттан бөлек, түсініксіздеу болды (күлді)", – деді спортшы.

Қарғып секірудің қас шебері ең басты міндет жарыста үздік өнер көрсету деп есептейді.

"Ашылу рәсімі өтіп кетті. Енді менің бар ойым – Олимпиадада. Әлем көз тіккен доданың ашылуында ғана емес, ойынның өзінде де лайықты дәрежеде ел намысын қорғап, жақсы нәтиже көрсеткім келеді", – дейді Ольга Рыпакова.