Олимпиадада Қазақстан қоржынына бірінші жүлде салған Елдосқа "Мерседес" сыйға тартылды

0
515

Сметов 60 келіде қола жүлде жеңіп алған.


Олимпиадада Қазақстан қоржынына бірінші жүлде салған Елдосқа

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бірінші жүлде салған дзюдошы Елдос Сметовке елге келісімен көлік сыйға тартылды, деп жазады Vesti.kz.

Еске салайық, Сметов 60 келіде қола жүлде жеңіп алған. Түнде спортшы Алматыға келіп, оны жақындары мен туыстары күтіп алды.

Елдосқа жаңа "Мерседестің" кілтін табыс етті. Ал дзюдошы өз кезегінде олимпиадалық кимононы тарту етті.

Айта кетейік, Елдос 2016 жылғы Риодағы Олимпиада ойындарында да күміс жүлде жеңіп алған еді.