ОҚО-да Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир басталды

0
1 916

Биыл жарысқа қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен өзге Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді мемлекеттерден 18 команда қатысады.


ОҚО-да Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир басталды

Шымкенттегі "Жоғары спорт шеберлігі" кешенінде бокстан ересектер арасында КСРО ға еңбегі сіңген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир басталды. Биыл жарысқа қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен өзге Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді мемлекеттерден 18 команда қатысады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жекпе - жектерді 56 келі салмақтағы боксшылар бастап берді.

Алғаш болып Қызылордалық Жандәулет Болат пен Арсен Байбатыров шаршы алаңға шықты. Мұнда Арсен Байбатыров ұпайлар бойынша жеңімпаз атанып, келесі айналымға жолдама алды.

60 келі салмақта өзбекстандық Шукурулла Вахидов пен қырғызстандық Арген Қадыбек уулу қарсыластарынан айласын асырып, жекпе - жектерін жеңіспен аяқтады.

64 келі салмақта шымкенттік Нұрбол Сұлтанбай мен қарағандылық Ұлан Бидайбек жұдырық түйістірді. Алғашқы раундтан шабуыл ұйымдастырған Ұлан Бидайбек қарсыласының жарақат алуына себепші болды. Мұнда төрешілердің шешімі бойынша қарағандылық боксшы жеңімпаз деп табылды.

Ақтық сайыстары 20 сәуір күні өтеді.