ОҚО: Мұхтархан Ділдабековтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

0
2 261

Жалпы командалық сында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 7 алтынмен бірінші орынды иеленді. Сондай - ақ Түркеменстан мен Қырғызстан боксшылары да бір алтыннан жеңіп алды.


ОҚО: Мұхтархан Ділдабековтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

ERNUR.KZ. 26 сәуірLTбокстан Сидней олимпиадасы және Әлем чемпионатының қола жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері Мұхтархан Дәлдабековтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында VII халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Биыл жарыста қазақстандық былғары қолғап шеберлерімен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Түркменстан мемлекеттерінен жалпы 130 ға жуық спортшылар бақ сынады.

Ақтық сайыстарын 46 келі салмақтағы боксшылар бастап берді. Атыраулық Бекзат Мажитов пен оңтүстік қазақстандық былғары қолғап шебері Абдулла Патиев шаршы алаңға шықты. Мұнда Бекзат Мажитовтың бағы жанып, турнирдің жеңімпазы атанды.

48 келі салмақтағы боксшылар арасында түркістандық Мадияр Қыдырәлі жеңімпаз атанды. Ал, 50 келі салмақта облысымыздың боксшысы Еркебұлан Жанысбай Алматы облысынан келген Дарын Құлжабаевқа есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

57 келі салмақта Алматы облысынан келген Темірлан Қайсар мен облысымыздың боксшысы Ерлан Шегебай қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе - жекте Ерлан Шегебай айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды.

Жалпы командалық сында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 7 алтынмен бірінші орынды иеленді. Сондай - ақ Түркеменстан мен Қырғызстан боксшылары да бір алтыннан жеңіп алды.