ОҚО: Ордабасы ауданынан 3 ардагер Мароккода өтетін әлем чемпионатына қатысады

0
1 659

Спортты жанына серік тұтқан алпысты алқымдаған палуан қариялар өздерінің әлі де тың екендіктерін көрсетті.


ОҚО: Ордабасы ауданынан 3 ардагер Мароккода өтетін әлем чемпионатына қатысады

Қостанайда Ы.Алтынсарин атындағы ауданда самбо күресінен ардагер-шеберлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, спортшылар жеті салмақ бойынша бақ сынасты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшіс.

Аталмыш додада Оңтүстік қазақстан облысының Ордабасы ауданынан Ұлас Момынов - 68 келі, Құрмансейіт Зияев — 100 келі, Сақтан Бекпейісұлы +100 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, топ жарып, Мароккода өтетін Әлем чемпионатына үш жолдама еншіледі.

Спортты жанына серік тұтқан алпысты алқымдаған палуан қариялар өздерінің әлі де тың екендіктерін көрсетті.