ОҚО самбошылары Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

0
1 190

Жарыста Қазақстан құрама командасына турнир қожайыны Монғолия спортшылары негізгі қарсылас болды.


ОҚО самбошылары Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

2018 жылдың 11 - 13 мамыр күндері Манғолияның астанасы Улан Батор қаласында самбодан ересектер, жастар және қыздар арасында Азия чемпионаты өтті. 14 елдің балуандары қатысқан аламанда ОҚО-дан 7 спортшы бақ сынап, жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR тілшісі.

Жеңімпаздарды Шымкент темір жолында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Намазбай Әбдіқұлов, бапкерлер және туыстары қошеметпен күтіп алды.


Жарыста Қазақстан құрама командасына турнир қожайыны Монғолия спортшылары негізгі қарсылас болды. Облыстан 7 балуан кілемге шығып, 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медалімен елге оралды. Жеңімпаз спортшылар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.