ОҚО волейболшылары жарап тұр

0
2 671

Ақтық сайыстары 27 сәуір күні өтеді.​


ОҚО волейболшылары жарап тұр

Шымкентте волейболдан "Шұбар доп" атты ұлттық мектеп лигасы басталды. Айтулы республикалық турнирге елімізден 8 команда бақ сынауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы 1 - турда Маңғыстау облысынан келген команданы 2:1 есебімен жеңді. Кейін волейболшыларымыз қызылордалық қарсыластарынан 2:0 есебімен басым түсті. Соңғы 3 - турда облыс командасы "Астана"ға қарсы бақ сынады. Мұнда турнир қожайындары 2:0 есебімен басым түсіп, топтық кезеңнен келесі айналымға жолдама алды.

Соңғы турда Ақтөбе облысының волейболшылары Батыс Қазақстаннан келген команданы 2:1 есебімен жеңді. Ақтық сайыстары 27 сәуір күні өтеді.