"Ордабасы" Алматыда жеңіліп қалды

0
1 141

"Ордабасы" клубы Алматыда "Қайрат"қа қарсы алаңға шықты. Матчта алаң қожайындары фаворит есептеліп, олар 18 - минутта есепті ашты.


Футболдан Қазақстан премьер лигасының 9 - тур ойындары өтті. Шымкенттің "Ордабасы" клубы Алматыда "Қайрат"қа қарсы алаңға шықты. Матчта алаң қожайындары фаворит есептеліп, олар 18 - минутта есепті ашты. Гол авторы Исаэл. Бірінші таймда Георги Дерменджиевтің шәкірттері таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ, алматылық қорғаушылар қатесіз ойын көрсетті. Ойындағы екінші гол 70 - минутта тағы "Ордабасы"ның қақпасына соғылды. Бұл жолы Сильвейра атын таблоға жаздырды. Осылайша "Қайрат" клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Турдың өзге ойындарының нәтижелерімен таныстырамыз: "Ақжайық" -"Атырау" - 1:1, "Ертіс" - "Тобыл" - 0:1, "Қайсар" -"Шахтер" - 3:0, "Астана" - "Қызыл Жар" - 2:0, "Ақтөбе" - "Жетісу" - 1:1.