​"Ордабасы" кезекті ойынында жеңіске жетті

0
1 505

ERNUR.KZ. 31 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер лигасының 3 - тур матчтары өтті. "Ақтөбе" Шымкенттегі "Қажымұқан" стадионында Алматылық "Қайрат"қа қарсы алаңға шықты. Стадионға жиналған жанкүйерлер 18 минут ішінде қос команданың голына куә болды.


​

31 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер лигасының 3 - тур матчтары өтті. "Ақтөбе" Шымкенттегі "Қажымұқан" стадионында Алматылық "Қайрат"қа қарсы алаңға шықты. Кездесуге ақтөбеліктер қожайындық жасағанын айта кетейік. Өз алаңы дайын болмағандықтан "Ақтөбе" мен "Қайрат" ойыны Шымкентке ауыстырылған болатын.

Стадионға жиналған жанкүйерлер 18 минут ішінде қос команданың голына куә болды. 11 - минутта күтпеген жерден қонақтар футболшысы Шелдон Бато өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ, Карлос Феррер шәкірттері "Ақтөбе" қақпасына араға 7 минут салып қарымта голын соқты.

Бұл жерде Исаэл мүмкіндікті мүлт жібермей таразы басын теңестірді. Матчта "Қайрат" футболшылары жеңіске жету үшін барын салды. Бірақ, оларға басқа гол соғу бақыты бұйырмады.

Екінші таймда "Ақтөбе" ойыншылары гол соққан болатын. Алайда, лайнсмен оффсайд жағдайы болды деп голды есепке алмады.

Осы орайда айта кетсек, "Ақтөбе" клубының стадионы ауа - райының қолайсыз келуіне байланысты матч өткізуге дайын емес. Сол үшін олар бір аптадан бері Шымкентте ойынға тыңғылықты дайындық көрді.

Ал, "Қайраттың" испаниялық бас бапкері Карлос Феррер "Қажымұқан" стадионының алаңы жоғары сапада емес екенін тілге тиек етті. Сондай - ақ, Карлос ресейлік Андрей Аршавиннің ойынына көңлі толатынын білдірді.

Қазақстан премьер лигасының 3 - тур ойындары аясында "Ордабасы" сырт алаңда "Атырау" командасын 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз гол сенегалдық Абдулай Диакатенің атына жазылды.

Осылайша, "Ордабасы" ұпайлар санын 9 ға жеткізіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Өзге ойындардың нәтижелерімен таныстырамыз:

"Ақжайық" - "Ертіс" - 1:0

"Астана" - "Қайсар" - 2:0

"Қызыл Жар" - "Тобыл", "Шахтер" - "Жетісу" командаларының ойыны 1 сәуір күні өтеді.

Қазақстан премьер лигасының 3 - тур ойынынан кейінгі турнир кестесі

О

Клуб

О

Ж

Т

Ж

Доптар

Ұпай

1

АСТАНА

3

3

0

0

7-0

9

2

ОРДАБАСЫ

3

3

0

0

5-2

9

3

ҚАЙРАТ

3

2

1

0

5-2

7

4

ЕРТІС

3

2

0

1

4-3

6

5

АҚТӨБЕ

3

1

1

1

3-3

4

6

АҚЖАЙЫҚ

3

1

1

1

2-4

4

7

ШАХТЕР

2

1

0

1

2-2

3

8

ТОБЫЛ

2

1

0

1

1-1

3

9

ҚАЙСАР

3

0

1

2

1-4

1

10

ҚЫЗЫЛ-ЖАР

2

0

0

2

2-4

0

11

ЖЕТІСУ

2

0

0

2

0-3

0

12

АТЫРАУ

3

0

0

3

1-5

0