"Ордабасы" тағы да ұпайсыз қалды. Командаға не болған?

0
1 277

Бұл жолы да Георги Дерменджиевтің шәкірттері ұпайсыз қалып, жанкүйерлердің көңілінен шықпады.


ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан премьер лигасының 11 - тур матчтары өтті. Шымкенттің "Ордабасы" клубы өз алаңында Қостанайдың "Тобыл" командасын қабылдады.

Бұл жолы да Георги Дерменджиевтің шәкірттері ұпайсыз қалып, жанкүйерлердің көңілінен шықпады. Матчта алаң қожайындары қарқынды ойын көрсетуге тырысты. Бірақ, оларға гол соғу бақыты бұйырмады.

20 - минутта ойындағы жалғыз голды қонақтардың өкілі Бауыржан Тұрысбек соқты. Осылайша "Тобыл" командасы 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Шымкенттің бас командасы - "Ордабасы" бас аяғы бір айдың ішінде проблемаға батып қалды. Алдымен команда талаптарды орындамағаны үшін Еуропа Лигасында қатыса алмайтын болды. Бәлкім, ҚФФ шешімі футболшыларға кері әсерін тигізген де болар - "Ордабасы" премьер лигада қатарынан 3 ойында жеңіліп қалды.

Алдағы уақытта шымкенттіктер маусым басындағыдай қарқынды ойын көрсетуіне сенім артамыз.

Турдың өзге нәтижелері мынадай:
"Ертіс" - Қызыл - Жар" - 5:0, "Қайсар" - "Атырау" - 0:0, "Астана" - "Ақтөбе" - 3:1, "Қайрат" - "Шахтер" - 2:0, "Ақжайық" - "Жетісу" - 2:0.