​«Ордабасы» тағы жанкүйерлерін ренжітті

0
1 224

еорги Дерменжиевтің шәкірттері таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ, оларға матчта гол соғу бақыты бұйырмады.


​«Ордабасы» тағы жанкүйерлерін ренжітті

ERNUR.KZ Футболдан Қазақстан премьер лигасының 13 – тур матчтары өтті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атырау»мен кездесіп 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бірінші таймда қонақтар қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, 25 – минутта есепті ашты. Гол авторы Игорь Зенькович. Георги Дерменжиевтің шәкірттері таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ, оларға матчта гол соғу бақыты бұйырмады. 89 – минутта атыраулықтар екінші голды да соқты. Бұл жолы Бабатунде Адениджи «Ордабасы» қақпасын анық нысанаға алды – 0:2. Осылайша шымкенттіктер өз алаңында қатарынан екінші рет жеңіліп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлай алмады.

Жалпы айтқанда «Ордабасы» үшін 2018 жыл сәтсіз келіп жатыр. Командадан Еуропа лигасында ойнау құқығы алып қойылды, енді команда чемпионатта сәтсіз ойын көрсетіп, 13 – турдан соң 19 ұпаймен 4 – орынды иеленген. Турнир кестесінде көш бастап тұрған «Астана» олардан 18 ұпайға ілгерілеп кетті.

Турдың өзге нәтижелерімен таныстырамыз:

«Жетісу» - «Шахтер» - 1:0

«Қайсар» - «Астана» - 0:2

«Ертіс» - «Ақжайық» - 2:0

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 3:2

«Тобыл» - «Қызыл Жар» - 0:1