Ота жасатады: "Канело" Головкинмен айқаста жарақат алды

0
534

Трилогия кеше Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңген болатын.


Ота жасатады:

ERNUR.KZ. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жекте сол қолын жарақаттап алды, деп жазады vesti.kz.

Енді мексикалыққа операция қажет.

"Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті ыдыс да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ, мен жауынгермін", - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Трилогия кеше Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңген болатын.