Отандық төрешілер тобы Еуропа чемпионатында қазылық етеді

0
1 145

2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирініндегі ойынға төрелік етеді


Отандық төрешілер тобы Еуропа чемпионатында қазылық етеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық төрешілер тобы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында қазылық етеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы 2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирініндегі Молдова мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді.

Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Васютин көмектеседі. Төртінші төреші - Арман Есмұратов.

Еске сала кетсек, Молдова U21 - Сан-Марино U21 матчы 10 қыркүйек күні Молдованың Орхей қаласында өтеді.