Өзбекстан құрамасы Бүкіл әлемдік шахмат Олимпиадасында топ жарды

0
563

Соңғы турда Өзбекстан құрамасы Нидерландыны 2,5-1,5 есебімен ұтты.


Өзбекстан құрамасы Бүкіл әлемдік шахмат Олимпиадасында топ жарды

ERNUR.KZ. Шахматтан Өзбекстанның ерлер құрамасы Ченнай (Үндістан) қаласында өткен Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында топ жарды, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы турда Өзбекстан құрамасы Нидерландыны 2,5-1,5 есебімен ұтты.

Осылайша, 11 ойыннан кейін 8 жеңіс, 3 тең нәтижесі бар Өзбекстанның ерлер құрамасы бұл Олимпиадада топ жарды.

Ал күміс жүлде Армения құрамасында болса, қола жүлдені Үндістанның екінші құрамасы иеленді.

Қазақстан құрамасы болса 11-ші күннің ойындарына дейін 20 орында тұрды. Бүгін біздің шахматшылар Үндістанның үшінші құрамасымен 2-2 есебімен тең ойнады.