Парадзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы болды

0
575

Парадзюдодан Азия турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.


Парадзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Ерғали Шамей парадзюдодан Азия чемпионы атанды, деп жазады inform.kz.

J1 (көзі мүлдем көрмейтін спортшылар) санатының финалында 73 келіге дейінгі салмақтағы Е.Шамей өзбекстандық Шохрух Мамедовты жеңді.
Ал қола жүлдені ирандық Махди Борчлоу мен қырғызстандық Маматибраим Суранов жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен үшінші медаль. Бұған дейін әйелдер арасында Даяна Федосова (J2-57 кг) - «алтын», Ақмарал Науатбек (J2-52 кг) «күміс» алған болатын.

Парадзюдодан Азия турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.