Патрик Твумаси Ла-Лигаға жол тартты

0
1 465

Патрик медициналық тексерістен сәтті өтіп, жақын уақытта Ла-Лигада өнер көрсету үшін жаңа клубының тізіміне қосылады.


Патрик Твумаси Ла-Лигаға жол тартты

ERNUR.KZ. Елорданың "Астана" клубының шабуылшысы Патрик Твумаси Испания Ла-Лигасының «Алавес» командасымен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Алавес» футбол клубы «Астана» командасымен шабуылшысы Патрик Твумасиді қатарына қосу туралы келісімге келді. Патрик медициналық тексерістен сәтті өтіп, жақын уақытта Ла-Лигада өнер көрсету үшін жаңа клубының тізіміне қосылады.

Айта кетейік, Твумасидің қазақстандық командамен келісімшарты болғандықтан, «Алавес» ұжымы «Астанаға» өтемақы төлейтін болады. Алайда, испаниялық команда өтініші бойынша өтемақы мөлшері жарияланбайды.