Португалиялық бапкер Кореяға кетті

0
1 055

Паулу Бенту 2010 - 2014 жылдары Португалия құрама командасына бас бапкер болған


Португалиялық бапкер Кореяға кетті

фото: Ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Португалиялық атақты маман Паулу Бенту Оңтүстік Корея құрама командасын басқаратын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

49 жастағы маман Паулу Бентуға Оңтүстік Корея құрама командасымен 2019 жылы өтетін Азия кубогынды сəтті ойын көрсетіп, 2022 жылғы Əлем чемпионатына жолдама алу міндеті қойылды.

Бенту жаңа құрама командасын 7 қыркүйек күні Коста Рика, 11 қыркүйек күні Чилимен өтетін жолдастық матчына дайындауда.

Естеріңізге сала кетсек, Паулу Бенту 2010 - 2014 жылдары Португалия құрама командасына бас бапкер болған еді.