Павлодарлық жас гимнастшылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

0
865

Олар 4 қыздан тұратын топтың құрамында өнер көрсетіп, еркін композицияны орындаған.


Павлодарлық жас гимнастшылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында көркем гимнастикадан халықаралық жарыста облыстық командасының құрамында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ 2 оқушысы сәтті өнер көрсетті, деп жазады pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, сайыс қорытындысы бойынша 1 сынып оқушысы Інкәр Қабыкенова І орынды, 2 сынып оқушысы Алиса Безрукова ІІ орынды иеленді. Олар 4 қыздан тұратын топтың құрамында өнер көрсетіп, еркін композицияны орындаған.

"2018 жылы Інкәр Нұр-сұлтан қаласында өткен республикалық жарыста жеке өнер көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ ол ағылшын тілі сабағына қатысып, сурет өнерімен шұғылданады. Алиса 2019 жылы облыстық жарыстарда жеке өнер көрсетуде жеңімпаз атанды. Вокал сабақтарына қатысады. Қыздар гимнастикамен 4 жастан бастап көркем гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады, - дейді білім беру бөлімінің өкілдері.

Жаттықтырушысы - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Мамашева Наталья Евгеньевна. Айта кетерлігі, жас гимнастшылар халықаралық байқауда бірінші рет өнер көрсетті.