Пике мен Шакира айрылысты

0
466

Пике мен Шакира 2011 жылдан бері бірге тұрғанына қарамастан, заңды түрде некелеспеген. Қазіргі таңда екеуінің арасында екі ұл бар.


Пике мен Шакира айрылысты

ERNUR.KZ. "Барселона" клубының қорғаушысы Жерар Пике мен колумбиялық әнші Шакира айрылысты, деп жазады vesti.kz.

Басылымның мәліметінше ойыншы сүйіктісінің көзіне бірнеше рет шөп салған. Тіпті бірнеше уақыттан бері Пике сатып алған пәтерлерінің бірінде жалғыз тұрып жатқан көрінеді. Күнделікті командаласы Рика Пуч екеуі түнгі клубтарды жағалап жүрген суреттері де интернет беттерінде көбейіп кеткен.

Пике мен Шакира 2011 жылдан бері бірге тұрғанына қарамастан, заңды түрде некелеспеген. Қазіргі таңда екеуінің арасында екі ұл бар. Бір қызығы екеуінің туған күндері бір күнде. Испаниялық қорғаушы 1987 жылдың 2 ақпанында дүниеге келсе, Шакира 1977 жылдың 2 ақпанында дүние есігін ашқан.

Еске салайық, Жерар Пике 2021/22 жылғы маусымда "Барселона" сапында барлық турнирді қоса алғанда алаңға 39 рет шығып, үш гол алды. 2009-2018 жылдары Испания құрамасында 103 матч өткізді. 2012 жылы Еуропа чемпионы атанса, 2010 жылы әлем чемпионы атағын иеленді.