ПСЖ Киллиан Мбаппені рекордтық сомаға сатпақшы

0
1 037

Мбаппе өзін команададағы, 1 Лигадағы үздік ойыншы санайды екен.


ПСЖ Киллиан Мбаппені рекордтық сомаға сатпақшы

ERNUR.KZ. Мадридтік "Реал" франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты жағдайды мұқият бақылап отыр, деп жазады tengrinews.kz.

20 жастағы футболшы Франция чемпионаты маусымының үздік ойыншысына сый табыстау рәсімінде париждік клубтан кетуі мүмкін екенін меңзеді.

Мбаппе "Реалға" ауысуы ықтимал. Алайда ПСЖ ойыншымен оңайшылықпен қоштасқысы келмейді және трансфер үшін 250 миллион еуродан кем ұсынысты қарастырмайды да екен. Ал егер трансфер жүргізілсе, бұл рекорд болмақ. Мұның алдындағы рекорд Неймарда, 2018 жылы жазда ПСЖ оның трансфері үшін "Барселонаға" 222 миллион еуро берген еді.

ESPN мәліметінше, Мбаппенің бұл сөзінің басты себебі ортадағы шабуылшы позициясында ойнағысы келетіндігінде екен.

Сонымен қатар, клуб басшылығы ойыншылар таңдауда, жоспарлау мен стартегия бойынша онымен ақылдасқанын қалайды. Мбаппе өзін команададағы, 1 Лигадағы үздік ойыншы санайды екен. Сонымен қатар, Le Parisien басылымының мәліметінше, Мбаппе бас бапкер Томас Тухельдің команданың басты жұлдызы Неймар деп есептейтіндігімен келіспейді.