​ПСЖ Неймардың Испанияның «Реал» командасына сататын бағасын жариялады

0
2 606

«Реал» өз құрамында доп теуіп жүрген Марко Асенсионы ПСЖ-ға беретін болса, Неймардың бағасы 100 миллион еуроға арзандауы да мүмкін.


​ПСЖ Неймардың Испанияның «Реал» командасына сататын бағасын жариялады

ERNUR.KZ. Францияның «Пари Сен Жермен» клубы бразилиялық шабуылшысы Неймардың Испанияның «Реал» командасына сататын бағасын жариялады. Бірақ, мүмкіндігінше франциялықтар Неймарды құрамында сақтап қалуға тырысатынын жеткізді.

Егер, оны «Сантьяго Бернабеу»ге сатуға тура келсе, онда «королдық клуб»ы 300 миллион еуро төлеу керек болады.

Сонымен қатар «Реал» өз құрамында доп теуіп жүрген Марко Асенсионы ПСЖ-ға беретін болса, Неймардың бағасы 100 миллион еуроға арзандауы да мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы бразилиялық аяқдопшы өткен жылдың жазында «Барселона»дан «Пари Сен Жермен» клубына 222 миллон еуроға келіп қосылған болатын.