ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық команданың ою-өрнегін жасауға байқау жариялады

0
1 599

Ою-өрнектің сипаттамасы, мәні мен мазмұны жазылуы тиіс. Тағы бір қойылатын талап - ұсынылған ою-өрнектер мемлекетті туыдың оюларына ұқсас болмауы керек.


ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық команданың ою-өрнегін жасауға байқау жариялады

Қазақстанның Олимпиадалық командасының ою-өрнегін жасауға арналған байқау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Байқаудың басты мақсаты – олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салты мен спортты шығармашылық арқылы кеңінен насихаттау. Олимпиадалық Хартияның басты қағидаларының бірі - спорттымәдениет және білім беру байланыстыру. Байқаудың тақырыбы – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін, Олимпизм идеологиясымен байланысы бар, Қазақстан командасын білдіретін өрнекті жасау. Байқауға техникалыө талаптарға сай кез келетін графикалық материалдар қабылданады. Сонымен қатар ою-өрнектің сипаттамасы, мәні мен мазмұны жазылуы тиіс. Тағы бір қойылатын талап - ұсынылған ою-өрнектер мемлекетті туыдың оюларына ұқсас болмауы керек.

Байқау 2018 жылдың 2 мамыры мен 15 шілдесі аралығында екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы кезең үстіміздегі жылдың 2 мамыры мен 28 маусым аралығында өтеді. Осы аралықты жұмыстар қабылданады. Туындыларды электрондық поштаға немесе пошта арқылы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне жіберуге болады. Екінші кезеңде онлайн дауыс беру өткізіледі. Сарапшылар комиссиясы іріктеп алған 5 жұмыс шілденің 2-сі күні Қазақстан Республикасы қлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына жарияланады. Дауыс беру шілденің 13-іне дейін жалғасады. Жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Байқау қорытындысы шілденің 16-да жарияланады. Байқаудың талаптарымен осы жерден танысуға болады.

Байқаудың нәтижесінде жеңімпаз және екі жүлдегер анықталады. Бірінші орынға ие болған жұмыстың авторына ҚР ҰОК атынан Олимпиада чемпионы/жүлдегерінің қолтаңбасы бар естелік сыйлық және/немесе Олимпиадалық комитеттің серіктесі ұсынған сыйлыққа ие болады. Екінші және үшінші орын алған авторлар да естелік сыйлықтар алады.