"Реал" 100 миллионға жаңа ойыншыны қатарға қосты

0
347

Орельен Тчуамени - "Бордо" клубының түлегі.


ERNUR.KZ. "Реал Мадрид" "Монаконың" жартылай қорғаушысы Орельян Тчуамениді сатып алу туралы келісімге келді, деп жазады vesti.kz.

Басылым мәліметінше, "корольдік клуб" 22 жастағы ойыншыны 100 миллион еуроға трансфер жасау бойынша "Монакомен" ауызша келісімге келген. Қазір тараптар барлық қажетті құжаттарға қол қойып, трансферді ресми түрде жариялау үшін мәмілені заңды түрде тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, "Пари Сен-Жермен" Орельянға "Реал Мадридке" қарағанда көп жалақы ұсынуға дайын болған, бірақ олар футболшының басқы нұсқаны таңдағанына байланысты жұма күні келіссөздерді тоқтатты.

"Ливерпуль" де Тчуамениге қызығушылық танытып, оның агенттерімен тікелей байланыста болды, бірақ Килиан Мбаппеден айырылған "Реал Мадрид" келіссөздер барысында бар күшін салды.

Айта кетейік, Орельен Тчуамени - "Бордо" клубының түлегі. 2020 жылы футболшыны 18 миллион еуроға "Монако" сатып алған. Тчуамени өткен маусымда барлық турнирде 50 ойынға қатысып, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Оның "Монакомен" келісімшарты 2024 жылы аяқталады.