​«Реал» бас бапкер Хулен Лопетегиді лауазымынан босатты

0
1 157

Хулен Лопатеги жалғасып жатқан Испания чемпионатында «Реалмен» сәтсіздікке ұшырады.


​«Реал» бас бапкер Хулен Лопетегиді лауазымынан босатты

ERNUR.KZ. Мадриддің «Реал» клубы бас бапкер Хулен Лопатегиді лауазымынан босатты. 52 жастағы испаниялық маманмен «Реал» ұжымы ағымдағы жылдың маусымында келісім шарт жасасқан болатын.

Сол кезде Лопатегги Испания құрама командасының бас бапкері лауазымын иеленіп тұрған еді. Нәтижесінде Испания футбол федерациясы Лопатеггиді командамен рұхсатсыз келесім шарт жасасқаны үшін Ресейде өткен Әлем чемпионатына басталуына бір күн қалғанда құрама команданың бапкерлігінен босатқан болатын.

Ал, Хулен Лопатеги жалғасып жатқан Испания чемпионатында «Реалмен» сәтсіздікке ұшырады. Команданы ресми 14 ойында алаңға алып шығып, 6 жеңіс, 2 тең нәтиже, 6 ойында қарсыластарына есе жіберді. Қазіргі уақытта «Реал» командасына «Катилья» командасын («Реалдың» төменгі лигадагы командасы) басқарып келген Сантьяго Солари уақытша бас бапкер болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, «Реал» өткен аптада «Барселонаға» 1:5 есебімен жеңіліп, Ла лиганың 14 – орынына түсіп кетті.