"Реал" фастфудты ұнататын Азарды басқа клубқа сатуы мүмкін

0
470

"Реал" бас бапкері Карло Анчелотти бельгиялық ойыншыны команданың негізгі құрамынан көргісі келмейтінін жеткізген.


ERNUR.KZ. Бельгия құрамасының және "Реал" клубының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Эден Азар қысқы трансферлік маусымда басқа клубта ойнауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Басылымның мәлімдеуінше Азар "Ньюкасл" немесе "Челси" сапына ауысуы мүмкін. "Реал" бас бапкері Карло Анчелотти бельгиялық ойыншыны команданың негізгі құрамынан көргісі келмейтінін жеткізген.

2019 жылы "бланкос" сапына ауысқан Эден Азар 52 матчта небәрі 5 гол соққан. Биылғы маусымда ол Испания біріншілігінде 8 кездесуде алаңға шығып, бір мәрте гол соғатын пас берді.

Еске салайық, Азар Лондонның "Челсиінен" корольдік клубқа 100 млн еуроға ауысқан болатын. Сонымен қатар, Эден Азар фастфуд өнімдерін жақсы көретіндіктен тез салмақ қосып алады. Ол сонысымен талай мәрте бапкерлерінен сөз естіген.