«Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды

0
846

Футболдан Испания чемпионаты – Ла Лига тоқтатылды.


«Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды

ERNUR.KZ. «Реал Мадрид» клубы баскетбол командасының бір мүшесінен COVID-19 вирусы табылуына байланысты клуб түгелдей карантинге жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Баскетбол және футбол командалары «Реал Мадрид» спорт қалашығының бір ғимаратында орналасқандықтан, қос команданың барлық мүшесі ойыншылармен қоса карантинге жабылды» делінген хабарламада.

Клубтың бүкіл қызметкері карантинге жіберіледі. Футболдан Испания чемпионаты – Ла Лига тоқтатылды. Лига Twitter аккаунты ресми мәлімдеме жасады. Келесі 28-тур ойындары қашан өтетіні әзірге белгісіз.