"Реал" мен "Бавария" жартылай финалда

0
1 279

Бірақ, англиялық төреші 92 - минутта "Ювентус" қақпасына пенальти белгілеумен шектелмей аты аңызға айналған Жанлуиджи Буффонға қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуып шықты.


ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының ширек финал бәсекелері аяқталды. "Барселона"ның турнирден шығып қалғаннан кейінгі сәрсенбіде өткен екі матчты да жанкүйерлер сенсацияның күәсі боламыз ба деген оймен тамашалады.

Испанияның "Реал" командасы алғашқы ойынын Туринде өткізіп, "Ювентусты" 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Роналдудың допты басынан асыра әуеде тепкен добы есте қаларлықтай боолды.

Романың "ерлігі" жігер берген болу керек, "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен қарымта матчта "Ювентус" қарқынды ойын көрсетіп, 2 - минутта есепті ашты. Марио Манджукич мүмкіндікті мүлт жібермеді. Хорватиялық шабуылшы 37 - минутта "Реал" қақпасына екінші голын соғып, дубль авторы атанды. 61 - минутта Матюиди қақпашы Навастың қатесін пайдаланып, таблодағы есепті 3:0 ге жеткізді.

Екі ойын нәтижесі бойынша есеп тең. Бірақ, англиялық төреші 92 - минутта "Ювентус" қақпасына пенальти белгілеумен шектелмей аты аңызға айналған Жанлуиджи Буффонға қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуып шықты.

фото: prosports.ru

Пенальтиді Криштиану Роналду қатесіз орындап, командасын жартылай финалға алып шықты - 1:3. Соңғы минутта орын алған көңілсіз жағдай туралы футбол жанкүйерлері әлі біраз дауласары анық. Көпшілік төреші 11 метрлік айып добын белгілесе де, Буффонға қызыл қағаз көрсетілмеу керек, деген пікірде.

"Бавария" мен "Севилья" арасындағы ойында есеп ашылмады. Осылайша Германия командасы бірінші матчтаға 2:1 есебіндегі жеңіспен жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалға жеребе 13 сәуір күні тартылады.