​«Реал» Неймарға «құда түскелі» жатыр

0
1 014

Қазіргі таңда «Реал» клубының басшылары өзінің өкілін Неймардың агентімен келіссөздер жүргізу мақсатында Сантос қаласына жіберген.


​«Реал» Неймарға «құда түскелі» жатыр

ERNUR.KZ. Испанияның «Реал» клубы Францияның «Пари Сен Жермен» командасының ойыншысы Неймарды құрамына қосып алу әрекетінде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Испания баслымдарына сілтеме жасап.

Мадрид командасы Криштиану Роналду «Ювентус» құрамына қосылғаннан соң Неймарды сатып алуға әрекет жасап жатыр. Қазіргі таңда «Реал» клубының басшылары өзінің өкілін Неймардың агентімен келіссөздер жүргізу мақсатында Сантос қаласына жіберген.

Дегенмен, Неймардың трансфері командасымен 2022 жылға дейін есептелген, осы уақыт аралығында бразилиялық футболшыны сату мәселесі қарастырылмаған.

Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын ПСЖ шабуылшысы «Барселонадан» 222 миллион еуроға сатып алған еді.