"Реал" тағы ұтылса Зидан қызметінен босатылады

0
569

Мадридтіктер Чемпиондар лигасындағы топта соңғы.


ERNUR.KZ. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кетуі мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Егер Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшініш турында мадридтік команда түркиялық "Галатасарайдан" матчінде ұтылса, маман орнынан кетеді. Клуб басшылығын нәтижеден гөрі, ойын көбірек толғандырады.

Франциялық маманды алмастыратын бапкерлер ретінде Жозе Моуринью мен Массимилиано Аллегри қарастырылып отыр.

Испания чемпионатының турнирлік кестесінде "Реал" екінші орында, соңғы ойында мадридтіктер "Мальоркадан" 0:1 есебімен ұтылған еді. Ал чемпиондар лигасындағы топта төртінші - соңғы келеді.