​Ресей – Сауд Аравия – 5:0

0
1 067

«А» тобының екінші матчы 15 маусым күні Мысыр мен Уругвай арасында өтеді.


​Ресей – Сауд Аравия – 5:0

фото travel-new.ru

ERNUR.KZ.Ресейде футбол Әлем чемпионаты турнир қожайындары мен Сауд Аравия құрама командаларының ойынымен басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Кездесудің басынан жылдам шабуылдар ұйымдастырған алаң қожайындары 12-минутта есепті ашты.

Юрий Газинский басымен соққы бағыттап турнирдегі алғашқы голдың авторы атанды.

43-минутта ресейліктер екінші голды да соқты. Бұл жолы Денис Черышев мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Осы орайда айта кетсек, Черышев 24-минутта жарақат алған Алан Дзогоевтың орнына алаңға шыққан болатын.

71-минутта Артем Дзюба қосалқы құрамнан алаңға шыға салып, командасының 3-голының авторы атанды. Қалған минуттарда Черышев дублге қол жеткізсе, матч соңында Александр Головин айып добынан гол соғып Ресей құрама командасына 5:0 есебіндегі жеңісті келтірді.

«А» тобының екінші матчы 15 маусым күні Мысыр мен Уругвай арасында өтеді.