Ресейде Рыбакинаның Қазақстанды неге таңдағаны сөз болды

0
521

Рыбакина спортық азаматтығын 2018 жылы ауыстырған.


Ресейде Рыбакинаның Қазақстанды неге таңдағаны сөз болды

ERNUR.KZ. Ресей теннис федерациясының (РТФ) президенті Шамиль Тарпищев Елена Рыбакинаның Қазақстан атынан өнер көрсету шешімін түсіндірді, деп жазады vesti.kz.

Рыбакина спортық азаматтығын 2018 жылы ауыстырған.

- Еленаның финалда жеңіске жеткеніне қатысты көбі: "РТФ мұндай спортшыны қалай жіберіп қойды" деген сұрақ қоюда?

- Ешкімді жіберіп алған жоқпыз. Бұл тақырыпты қозғау мағынасыз, өйткені адамдар мүлде ештеңе түсінбейді. Олармен дауласқым да келмейді. Еленаға қатысты бәрі түсінікті - ол миллион рет айтылды. Ата-анасы спортшылар үшін бар жақсылықты қалайды. Белгілі бір уақытта кеңес одағында болған елдердің бірі ұсыныс жасайды. Адамдар келіседі де кетеді - бар боғланы осы. Мәселе қаржыда.

Қазақстан үшін біздің 20 шақты спортшымыз ойнайды. Бублик те қаржылық мәселе бойынша кетті. Бұл жаман да, жақсы да емес. Спортшы өзі таңдайды. Бізде футбол мен хоккейдегідей ақша болса, мұндай болмас еді. Бірақ біз олай төлей бере алмаймыз, дұрыс па?