Ресейдегі хоккей турнирінде Қазақстан мен Чехия әнұраны алмасып кеткен

0
762

Ұйымдастырушылар қажетті жазбаны бірнеше минут іздеп қалған.


Ресейдегі хоккей турнирінде Қазақстан мен Чехия әнұраны алмасып кеткен

ERNUR.KZ. Ресейдегі хоккей турнирін ұйымдастырушылар Бірінші арна Кубогында қателесіп, Чехия әнұранының орнына Қазақстандікін қойған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 15 желтоқсанда Чехия мен Швеция ойыны алдында болған. Ұйымдастырушылар қажетті жазбаны бірнеше минут іздеп қалған, осылайша жанкүйерлер мен хоккейшілер әнұранды акапелла орындаған. Сол үшін трибунадағылар ұйымдастырушыларды сөкті.

Ресей хоккей федерациясы ресми сайтында болған оқыс оқиға үшін кешірім сұрады. Осы матчта Чехия құрамасы 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Шведтер алты ұпаймен турнирде жеңіске жетті. Ресей құрамасы бес ұпаймен екінші орынды иеленді.