Ресейлік спортшы Канаданың атынан қатысады

0
719

15 жастағы спортшы мен оның отбасы жыл басында Британиялық Колумбияға көшіп кеткен.


Ресейлік спортшы Канаданың атынан қатысады

ERNUR.KZ. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Ульяна Ширяева Канаданың атынан жарыстарға қатысады, деп жазады vesti.kz.

15 жастағы спортшы мен оның отбасы жыл басында Британиялық Колумбияға көшіп кеткен. Ширяева "үйеңкі жапырақ" елінің азаматтығын алуды өзі сұранған. Алайда бұл мәселе жыл соңына қарай шешілуі мүмкін. Соған қарамастан Бернабиде өтетін Belair Direct BC турниріне қатысуға рұқсат алды.

Ширяева 2021 жылы жасөспірімдер арасында Ресей Кубогінің қола жүлдегері атанды. Ал 2022 жылы Ресей чемпионатында 11 орынға табан тіреді.

Еске салайық, Украинадағы саяси жағдайға байланысты ресейлік спортшылар көптеген халықаралық жарыстардан шеттетілді.