"Ролан Гаррос" жеңімпаздары анықталды

0
484

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Франция ашық чемпионатында топ жарды.


ERNUR.KZ. Надаль финалда ATP рей­тингісінде бірінші орында тұрған сербиялық теннисші Новак Джоковичті жеңді. 2 сағат 41 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды, деп жазады aikyn.kz.

Осылайша, 34 жастағы ис­пания­лық Рафаэль Надаль спортшы мансабында жиыр­масыншы мәрте «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алып, осы көрсеткіш бойынша рекорд иесі Роджер Федерерді қуып жетті.

Ал 19 жастағы польшалық теннисші Ига Швентек әйелдер арасындағы жекелей сында «Ро­лан Гаррос» турнирінің же­ңімпазы атанды. Финалдық кездесуде ол қарсыласы аме­рикалық София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кету керек, Ига WTA деңгейіндегі турнирлерге бұрын бір рет қана қатысқан. Швентек 17 жасында Луганода өткен тур­нирдің финалына жетіп, Полона Херцогқа есе жіберген болатын.