​Роналду қатарынан үшінші жыл атақты спортшы атанды, ал Головкин 61 - орында

0
1 329

Жоғары үштікке «Кливленда» баскетбол командасының ойыншысы Леброн Жеймс және «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси кірді. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 61 - сатыдан көрінді.


​Роналду қатарынан үшінші жыл атақты спортшы атанды, ал Головкин 61 - орында

ERNUR.KZ. ESPN телеарнасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қатарынан үшінші жыл ең атақты спортшы деп танылды

Рейтинг телеарнаның жарнамашылары, абоненттері және әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұйымдастырылды.

Жоғары үштікке «Кливленда» баскетбол командасының ойыншысы Леброн Жеймс және «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси кірді. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 61 - сатыдан көрінді. Жоғары ондыққа кірген атақты спортшылардың тізімі мынадай:

1. Криштиану Роналду («Реал», футбол);

2. Леброн Жеймс («Кливленд», баскетбол);

3. Лионель Месси («Барселона», футбол);

4. Неймар («ПСЖ», футбол);

5. Роджер Федерер (теннис);

6. Тайгер Вудс (гольф);

7. Кевин Дюрэнт («Голден Стэйт», баскетбол);

8. Рафаэль Надаль (теннис);

9. Стефен Карри («Голден Стэйт», баскетбол);

10. Фил Микельсон (гольф).