Роналду коронавирус жұқтырды

0
570

Енді ол Ұлттар лигасы аясындағы Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыса алмайды.


Роналду коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Танымал футболшы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Португалия құрамасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Роналдудың COVID-19-ды анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Енді ол Ұлттар лигасы аясындағы Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыса алмайды.

Бұған дейін Португалия құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталған. Бірақ ауырып қалған футболшының аты аталмаған. Содан соң барлық ойыншы тест тапсырып, басқа ешкім жұқтырмаған болып шықты.