Роналду "Реалға" ауысуы мүмкін

0
1 093

Португалия құрамасының капитаны 2021 жылдың тамыз айынан бері "қызыл сойқандардың" намысын қорғап келеді.


Роналду
ERNUR.KZ "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Реал" сапына қайта ауысуы мүмкін, - деп жазады Vesti.kz.

Португалия құрамасының капитаны 2021 жылдың тамыз айынан бері "қызыл сойқандардың" намысын қорғап келеді. Оның ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған.

Биылғы маусымда ол Англия Премьер-Лигасында 28 ойында 17 гол соқты.

Роналду "Реал" сапында 2009-2018 жылдары ойнап, 15 трофей иеленді. Сонымен қатар, корольдік командада ойнап жүріп төрт рет "Алтын допты" алды. Футболшының өзі Ла Лигаға қайта орлауына қарсы емес. Оның үстіне "Реал" маусым қорытындысы бойынша Ла Лига чемпионы атанды. Келесі жылы Чемпиондар Лигасында ойнайды. Ал "Манчестер Юнайтед" болса ішкі чемпионатта 35 турдан кейін 55 ұпаймен алтыншы орында келеді.