Роналду Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді

0
657

Криштиану Роналду өз қаражатына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды.


Роналду Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді

ERNUR.KZ. Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін екі елге гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді, деп жазады zakon.kz.

Криштиану Роналду өз қаражатына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі, деп жазды Daily Mail.

Сондай-ақ португалиялық футболшы жер сілкінісінен аман қалған сириялық Набиль Саид есімді баламен кездесті.

Бұл Роналдудың мұндай жомарт қайырымдылық жасауы бірінші рет емес. 2014 жылы ол Испанияда балаға операция жасау үшін 83 000 доллар төледі, сонымен қатар Португалиядағы онкологиялық орталықты қаржыландыруға 165 000 доллар берді.