Роза Әбітова халықаралық турнирде жеңіске жетті

0
971

Ол Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық жарыста алтын медальді жеңіп алды.


Роза Әбітова халықаралық турнирде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Шымкентте екі бірдей Олимпиада қатысушысы Әлия Юсупованың жүлдесі үшін ұйымдастырылған көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста қазақстандық Роза Әбітова жеңімпаз атанды деп жазады Olympic.kz.

Турнир бірнеше жас санатында өтті. Ал қатысушылардың жалпы саны 100-ден асты. Негізгі категорияда - «сеньорлар» - алты елден келген 17 гимнаст бақ сынады. Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Украина өкілдері медальдар үшін өзара сынға түсті.

Жарыс нәтижесінде 74,55 ұпай жинаған Роза Әбітова жеңіске жетті. Беларусиялық Анна Каменщикова 70,8 баллмен күміс медальді жеңіп алды. Өзбекстан атынан шыққан Наргиза Джуманиязова 63,6 ұпай иемденіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.