Румыния құрамасының 15 жастағы футболшысы рекорд орнатты

0
592

Ол Еуропадағы ұлттық құрамалар арасындағы ресми матчта ойнаған ең жас ойыншы атанды.


Румыния құрамасының 15 жастағы футболшысы рекорд орнатты

ERNUR.KZ. "Барселонаның" түлегі Энес Сали Румыния сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге қарсы ойында (2:0) дебют жасады, деп жазады vesti.kz.

Жартылай қорғаушы 82-минутта алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебюттік матчын 15 жас 264 күнде жасады. Ол Еуропадағы ұлттық құрамалар арасындағы ресми матчта ойнаған ең жас ойыншы атанды. Бұған дейін бұл жетістік норвегиялық Мартин Эдегорға тиесілі болатын (15 жас 300 күн).

2017 жылға дейін Сали "Вудбридж Страйкерс" академиясында жаттықты. Одан кейін "Барселона" академиясында екі жыл болып, Румынияға оралды. Қазір Сали "Фарул" клубында өнер көрсетуде.