Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалына шықты

0
542

Үшінші айналымда қазақстандық-ресейлік жұп чехиялық Луция Градецкая мен Мария Боузковадан басым түсті.


Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина мен ресейлік Вероника Кудерметова Индиан-Уэллстегі (Калифорния, АҚШ) WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп жазады baq.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық-ресейлік жұп чехиялық Луция Градецкая мен Мария Боузковадан басым түсті.

1 сағат, 6 минутқа созылған кездесуде Рыбакина мен Кудерметова 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 4 брейкке қол жеткізді. Ойын 1:6, 6:1, 10:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен В.Кудерметова финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады. Олар ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – Барбора Крейчикованы 2:6, 6:4, 10:8 есебімен ұтып кетті.