Сабина Алтынбекова араб клубында алғашқы ойынын өткізді

0
1 289

"Аль-Васл" Алтынбекованың карьерасындағы екінші шетелдік команда.


Сабина Алтынбекова араб клубында алғашқы ойынын өткізді

ERNUR.KZ. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова БАӘ-де жаңа клуб құрамында алғашқы ойынын өткізді, деп жазады Tengrinews.kz.

"2020 жылғы бірінші ойын. "Әл-Васл" үшін бірінші рет өнер көрсеттім. Бірінші жеңіс", - деп жазды спортшы өзінің дебюті туралы.

Команданың әлеуметтік желідегі парақшасында олардың қарсыластары "Әл-Ахли" клубының волейболшылары болғаны жазылған. Есеп 2:3.



"Аль-Васл" 2019 жылы Араб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Дубайлық команда мультиспорттық клуб болып саналады.


"Аль-Васл" Алтынбекованың карьерасындағы екінші шетелдік команда. 2015 жылы ол жапониялық CSS Sunbeam үшін өнер көрсеткен. Ал Қазақстанда волейболшы "Алматы" құрамында ойнаған.