Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогінің финалына шықты

0
878

Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.


Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогінің финалына шықты

ERNUR.KZ. Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

Бұл күндері Пхукетте садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты.

Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.

Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.
Айта кетерлігі, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.