Садриддин Ахмедов WBC "жастар" чемпионы атанды

0
1 008


Садриддин Ахмедов WBC

Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған бос тұрған белбеуге талас жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарес қарсылас болды. Кездесу Канаданың Монреаль қаласындағы бокс кешінде өтіп, 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды. Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды.
Бір қызығы, ұйымдастырушылар бастапқыда қазақстандық өнер көрсететін орта дивизионда өтетінін мәлімдеген. Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр.


Бөлісу