​Сауль Альварес чемпиондық белбеуінен айрылып қалды

0
2 384

Қазіргі таңда атақты боксшылар арасында IBO чемпиондығына британиялық ауыр салмақтағы боксшы Энтони Жошуа да иелік етеді.


​Сауль Альварес чемпиондық белбеуінен айрылып қалды

ERNUR.KZ Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында Канелоның Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарна төлеуден бас тартқандығы, соның салдарынан бұл титул бос қалғандығы туралы айтылды.

Осы орайда айта кетейік, Сауль Альварес 16 қыркүйек күні Лас Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинді ұпайлар саны бойынша жеңіп, WBA Super, WBC, сондай-ақ The Ring журналының тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанған болатын. IBO – 1988 жылы құрылған болып, кәсіби бокста 5 ұйым болып есептеледі. Қазіргі таңда атақты боксшылар арасында IBO чемпиондығына британиялық ауыр салмақтағы боксшы Энтони Жошуа да иелік етеді. Оның сондай - ақ, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері де бар.