​Шарипова-Вальстрем жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

0
974

Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді.


​Шарипова-Вальстрем жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Кәсіби бокстан екі салмақ бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шарипова мен WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстремнің кездесуі Санкт-Петербургтегі «Сибур Арена» концерт-спорт кешенінде 22 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жекке екінші жартылай жеңіл салмақта екі чемпиондық белбеу: финляндиялық спортшының беліндегі WBC және қазақстандық спортшыға тиісті IBO қойылады.

Ева Вальстрем медициналық тексеруден өтті және жұдырықтасуға дайындалып жатыр. Кездесу жеңімпазы осы салмақ дәрежесі бойынша әлемдегі ең үздік спортшы болып есептеледі.

Бұған дейін финляндиялық спортшы өз титулын 6 сәуірде Хельсинкиде (Финляндияда) АҚШ боксшысы Мелисса Сент-Вилизге қарсы шығып, жеңген болатын.

Айта кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова жеңіл салмақта IBA чемпиондық атағын қорғап қалды.

Санкт-Петербургтегі жекпе-жекке WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие фин боксшы қызы Ева Вальстрем де арнайы келген. Фируза – оның алдағы міндетті қарсыласы.