Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалда жеңіліп қалды

0
593

Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 75-орында тұр.


Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалда жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Shenzhen турнирінде жартылай финалға өтпей қалды6 деп жазады baq.kz.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қазақстандық теннисші испаниялық спортшы Гарбинье Мугурусамен ширек финалда ойнады.

Қазақстандық спортшы бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:2 есебімен ұтқан болатын. Шешуші сетте 4:6 есебімен Мугуруса басым түсті.

Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 75-орында, ал испаниялық теннисші Мугуруса 35-орында тұр.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Зарина Дияс Гонконгта өткен ITF сериясындағы турнирдің финалында қытайлық теннисші Чжу Линді 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Бұған дейін Зарина Дияс ширек финалдың І сетінде жеңілген болатын. Ал теннисші аталған турнирдің ширек финалының ІІ сетінде жеңді.